Малайзия ядролық қаруға тыйым салу келісім-шартына қосылды
|
Малайзия осы сәрсенбіде ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім-шартты ратификациялады, яғни, мақұлдады. Малайзия осымен әлемде 46-ші мемлекет болды аталмыш келісім-шартқа қосылған. Ядролық қаруды жоюды көздейтін халықаралық науқан (ICAN) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес Малайзияның сыртқы істер министрі Хишамуддин Хұсейн ел астанасы – Куала-Лумпур қаласында тиісті құжатқа қол қойған әрі ратификацияланған грамота Біріккен Ұлттар Ұйымына табыс етілген. Аталмыш ұйым дерегіне қарағанда, аталмыш келісім-шарт күшіне енуі үшін тағы төрт мемлекет оны ратификациялауы керек. Осы орайда ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі келісім-шарт 2017 жылдың маусым айының 7-і күні қабылданған болатын. БҰҰ-ға мүше елдерден 122 мемлекеттің қолдауымен. Ядролық қаруға тыйым салу келісім-шартына қосылған мемлекет ядролық қару жасау құқығынан автоматты түрде бас тартады.