Малайзия қытай туристеріне бақылауды күшейтеді
Малайзия қытай туристеріне бақылауды күшейтеді
1 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Малайзияның ішкі істер министрі Сайфуддин Насутион Ысмайыл 90 күнге шақталған визасыз режимді таңдаған қытай туристеріне бақылауды күшейтетінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Star ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министр мұндай қадамға екі ел арасындағы (Малайзия мен Қытай) өзара визадан босату туралы келісім аясында енгізілген визасыз режимді қытай саяхатшыларының асыра пайдаланбауы үшін барып отырғанын жеткізді. Осылай деген ол Қытай азаматтарына визасыз кіруге 30 күнге дейін рұқсат берілгенімен, оларға кез келген 180 күндік терезе ішінде 90 күн болудың жиынтық лимиті қолданылатынын түсіндірді. «Бұл келісімнің ережелері басқа елдерге қолданылатын шарттарға қарағанда үзіліссіз 90 күндік визасыз режиммен ел аумағында қалуын көздемейді», - деді ол. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы осынау мұсылман елінің ішкі істер министрінен депутаттар Қытай азаматтары үшін визадан 90 күндік босату  процедурасының Малайзияда жобаларды алу немесе жұмыс істеу кезінде, әсіресе, құрылыс, жөндеу және қызмет көрсету салаларында теріс пайдаланылмайтынына кепілдік беру үшін қабылданған шараларды баяндауды сұрады. Осындай сауалдарға жауап берген министр визасыз режим тек сапарлар мен саяхатқа арналғанын атап өтті. Ал ақысы төленетін жұмысқа тұру үшін арнайы, бөлек виза қарастырылғанын да ұмыт қалдырмады. Мұндай визаны көші-қон департаменті беретінін де тілге тиек етті. Малайзияның федералдық үкіметі әлеуметтік сапарлар мен туризм үшін 154 елдің азаматтарына визасыз режим енгізген. «Елде болудың рұқсат етілген ұзақтығы - 14, 30, 60 немесе 90 күн - әр келген сайын елде болу мерзімі иммиграциялық офицерлердің түпкілікті шешіміне байланысты», - деді ол. Министр 26 елге 14 күн, 58 елге 30 күн, 38 елге 60 күн, ал 66 елге 90 күнге дейін уақыт берілгенін хабарлады. Визасыз мерзімдердің әртүрлі болып белгіленуіне мынадай факторлар ықпал еткен: малай елінің дипломатиялық қатынасы, экономикалық мүддесі, қауіпсіздігі, биліктің стратегиялық мақсаттарына қарай белгіленеді. Кей елдің азаматтары 90 күн визасыз режимді теріс мақсатта пайдаланады, мәселен, уақытқа жұмысқа тұрады, т.б. 

0 пікір
Мұрағат