Малайзия Facebook әлеуметтік желісін сотқа беріп жатыр
Малайзия Facebook әлеуметтік желісін сотқа беріп жатыр
1 жыл бұрын 994 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: aowsakornprapat

Малайзия билігі күллі әлем бойынша 3 млрд-тан аса пайдаланушысы бар Facebook әлеуметтік желісін орынсыз контенттері үшін сотқа бермек. Бұл жайында islam.kz порталы  өз кезегінде оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен мұсылман елінің коммуникация және мультимедиа комиссиясына жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Малайзияның реттеуші мекемесінің шағымы бойынша Facebook әлемжелісінде нәсілдік кемсітушілік пен билікке, дінге тіл тигізетін контенттер өріп жүр. Алаяқтар мен құмар ойын жарнамасы қаптап кеткен. Бұл тарапта бірнеше ескерту жарияланса да Meta компаниясы тиісті шаралар қабылдамаған, дәлірегі, Facebook платформасынан орынсыз контенттерді жоймаған. Цифрлы кеңістікте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін малай билігі осындай қатаң шараға баруға мәжбүр екені айтылған хабарда.

0 пікір
Мұрағат