Малайзия батыстық медиа алпауыттарын өзімен санасатындай қадамға барады
Малайзия батыстық медиа алпауыттарын өзімен санасатындай қадамға барады
3 ай бұрын 566 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Аса ірі технологиялық компаниялар Малайзия заңнамасында қарастырылған талаптарды сақтауы керектігін мәлімдеді аталған елдің байланыс министрі. Ол бұл мәлімдемесін әлемге әйгілі Google, Meta және X компанияларының премьер-министр Әнуар Ыбырайымға медиа платформалардан үкімет лицензиясын алуды талап етпеуді өтінгеннен кейін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Reuters ресурсына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азия еліндегі мұсылман елінің министрлер кабинетінің жоспарына сәйкес 8 миллионнан астам адам пайдаланатын әлеуметтік желілер мен мессенджерлер 2025 жылдың  қаңтар айының1-нен бастап мемлекеттік лицензия алуы керек. Лицензия алмаған жағдайда олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

0 пікір
Мұрағат