Мал шаруашылығын көтеру үшін жануарларды клондауға рұқсат беретін заң қабылданды
Мал шаруашылығын көтеру үшін жануарларды клондауға рұқсат беретін заң қабылданды
1 ай бұрын 1201 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Бразилияда жануарларды клондау туралы заң қабылданды. Бұл жайында islam.kz порталы хабарлайды. Аталған ел билігінің бұл қадамы әлемдік ауыл шаруашылығы үшін айтулы оқиғаға айналды. Президент Луис Инасио Лула да Силва генетикалық материал мен дайын клондарды әкелуге де, экспорттауға да мүмкіндік беретін құжатқа қол қойды. Биотехнологияның жетістіктері мен мүмкіндіктерін пайдалануға мұрсат беретін бұл заң үш айдан кейін қолданысқа енеді. Бразилия әлемдік ет нарығындағы негізгі ойыншылардың бірі. Мал шаруашылығын өркендету мақсатында замануи генетикалық технологияға басымдық бермек. Мұндай технологияны, сондай-ақ, жойылу қатері төнген жабайы жануарларды сақтап қалу мақсатында да қолданбақ, атап айтқанда, қабылан, құмырсқамен қоректенетін жануар түрін, т.б. құтқару үшін пайдаланады. Жаңа заң генетикалық материалдың айналымын бақылауға қатаң талаптар енгізеді. Әркімге қол жеткізе алатын деректер базасын құру өз кезегінде пайдаланылатын материалдардың шығу тегі мен сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Клондауға қатысқысы келетін компаниялар тұрақты санитарлық тексерулерді жүзеге асыра отырып, тіркелуге және тиісті тексерулерден өтуге міндетті болады. Бұл айтылғандардан бөлек, заңда жабық өндірістік циклдар шеңберінде клондауға рұқсат етілген жануарлардың тізімі нақтыланғанын; бұл тізім жануарлар дүниесінің генетикалық тұрғыдан “ластануына” жол бермеуі тиіс. Клондалған үлгілерді табиғи ортаға шығару тек федералдық табиғат қорғау органдарының рұқсатымен ғана мүмкін болады. Бұл экологиялық баланстың бұзылуына жол бермеу үшін қажет.

Клондау - биологиялық объектінің көшірмесін жасау процесі. Генетикада ол қандай да бір организм ДНҚ-сының бірдей көшірмесін жасау процесіне жатады.

0 пікір
Мұрағат