|
Мәйітті қорлау үрдіске айналған
|
Британияда біртүрлі үрдіс қалыптасты. Бұл елдің тұрғындары қоныс ауыстырса, яғни, көшетін болса, өздерімен бірге бақилық болған туыстарының мәйітін бірге ала кетеді. Нақтырақ айтқанда, эксгумация жасап, яғни, өлген туысының сүйегін қазып алып, жаңа қонысына апарып қайта жерлейді. Олар өлген туыстарының қабірін зиярат ету үшін ондаған, бәлкім, жүздеген шаөырымға созылатын жолға шықпау үшін (жолға кететін уақытын үнемдеген, жол азабынан құтылған немесе жолға шығындабаған түрлері) әлгіндей қадамға баратын көрінеді. Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, кейінгі кезде сәнге айналған бұл практиканы шіркеу құптап отырған жоқ. Британияның әділет министрлігінің мәліметіне қарағанда, бір аптаның ішінде өлген аданың сүйегін қазып алу турасында шамамен 25 өтініш келіп түседі екен. Бұл үрдіске шіркеу қарсылық білдіріп отырғанына қарамастан билік тарапы қарсылық білдіріп отырған жоқ. «Бізді азаматтарымыздың туыстарының сүйегіне жиһаз секілді қарайтыны қынжылтады»,- деді Ағылшын шіркеуінің өкілдері.