Мәйітханадағы мүрделердің тісі табыс көзіне айналған
|
Жапониядағы крематорийлерде өртелген мәйіттердің күлінен бағалы заттар алынып келген, деп хабарлады 24.kz
Атышулы оқиға елдің 42 қаласында әшкере болды. Ерекше өнімді сату 2010 жылы басталған.
Бұл туралы жергілікті "Никкей" (Nikkei) басылымы арнайы тергеу жүргізген. Күншығыс елінде жылына шамамен 1 жарым млн мәйіт өртеледі екен. Белгіленген тәртіп бойынша марқұмдардың жақындары мәйіт күлін және кейбір сүйектерін алып кетеді. Бірақ, өртеуге дейін мүрде бірер күн мәйітханада болады. Осы кезде марқұмдардың тіс қалдықтарынан алтын мен палладий және импланттарынан титан қалады. Осылайша бір ғана Киото қаласында былтыр мәйітхана басшылығы 2 жарым миллион доллардан астам табыс тапқан. Сатылымнан түскен ақша крематорийлерді жаңартуға жұмсалады екен.