Лондондағы өртенген үйде өлім алдындағы мұсылман әйелдің сөзі әлемді дүр сілкіндірді (видео)
|
Лондон қаласындағы әлемді шулатқан 24 қабатты Гренфелл зәулім үйіндегі өрттің "қызуы" әлі басылар емес. Толық жанып кеткен үйдегі өлім алдында Facebook әлеуметтік желісіне Live видеосын жүктеген мұсылман әйелдің сөзі ешкімді бей-жай қалдырмады. Рания Ибрахим есімді 30 жастағы мұсылман әйел біреуі 3 жастағы, екіншісі 5 жастағы қыздарымен бірге болған. Күйеуі өрт шыққан күні Мысырда жүрген. Ол үй отқа оранғанда қыздарының басын қатерге тігіп, 24-ші қабаттан төмен түсуді жөн көрмеген. Өйткені, дәлізде оған түтіннің қаптап кеткенін, ең дұрысы есік-терезені қымтап жабудың қажеттілігін (түтін ішке кетпесі үшін) айқайлап айтқан дауысты естіген. Балаларын түтінгі тұншықтырып алудан қорыққан. Ол өрт пәтерге жеткенше сөндірілетініне үміт артқан. Өмірінің ақырына таяғанын сезді ме, тілін кәлимаға келтіріп, шаһадатты тағы бір мәрте қайталайды. Рания құрбысы мен діндес бауыры Язға видео-үндеу жариялап үлгереді.