Лондонда тек әйелдер ғана тұра алатын көпқабатты үй тұрғызылды
Лондонда тек әйелдер ғана тұра алатын көпқабатты үй тұрғызылды
2 жыл бұрын 1476 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің аса ірі мегаполистерінің бірінен саналатын Лондон қаласында тек әйелдер ғана тұра алатын көп қабатты тұрғын үй салынды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 15 қабаттан, 102 пәтерден тұратын бұл үйде  тұрмыстық зорлық-зомдылықтан зардап шеккен немесе жәбір көрген, сондай-ақ, қандай да бір кемсітушілікке ұшыраған әйелдер тұрады. Пәтер бөлмелері кез келген жастағы әйелдерге қолайлы етіп жобаланған. Мәселен, менопауза кезеңіне өткен (бала көтеру қабілеті тоқтаған кез) әйелдер үшін асүйде арнайы желдеткіш орнатылады. Менопауза кезінде әйелдер ыстықтап, өзін жайсыз сезінеді. Пәтерді жалдау ақысы төмен. Ер адамдар пәтер жалдаушылармен серіктес болған жағдайда ғана үйде тұра алады. Кәмелетке толған ұлдар да бірге тұра алады. Пилоттық жоба британ астанасындағы тым қымбат баспана мәселесін шешуі керек - жалғызбасты әйелдер көбінесе гендерлік айырмашылыққа немесе жыныстық теңсіздікке байланысты жеке пәтерге қол жеткізе алмайды.

0 пікір
Мұрағат