Ливияның бұрынғы көшбасшысының ұлы Сейф әл-Ислам Каддафи бостандыққа шықты
Ливияның бұрынғы көшбасшысының ұлы Сейф әл-Ислам Каддафи бостандыққа шықты
7 жыл бұрын 3157 muftyat.kz/

Ливияның бұрынғы көшбасшысы Муаммар Каддафидің ұлы — Сейф әл-Ислам Каддафи — бостандыққа шығарылып, тұтқында болған ливия қаласы Зинтаннан біржолата кетті.  

Құжатта көрсетілгендей,  Каддафидің ұлының босатылуы Ливия парламентінің жарияланған жалпы рақымшылық заңына сай жүзеге асып отыр. 

"Біз Сейф әл-Ислам Каддафиді бостандыққа шығаруды шештік. Ол толықтай босатылды". Мәлімдемеде оның Рамазанның 14-ші күні (9-шы маусым күні) босатылып, босатылған сәтінде Зинтаннан кеткенін растаймыз деп көрсетілген.  

Бұрынғы көшбасшының туысы Ахмед Мухареб әл-Каддафи РАА Жаңалықтар қызметіне Сейф әл-Ислам Каддафидің бостандыққа шыққаны туралы ақпараттың растығын айтып,  "қазіргі кезде ол расымен Зинтаннан кетіп, қауіпсіз жерге орналастырылды" деп, мәлімдеді.  

"Енді инженер Сейф әл-Исламаның бостандыққа шығуымен жақын күндері әлемді үлкен тосынсыйлар күтуде",— дейді Ахмед Мухареб.  

2011 жылы Муамар Каддафидің режимі құлатылған соң, оның және туыстарының соңынан нағыз қуғын басталған болатын. Көтерілісшілер Каддафиді және балалары Муғтасым мен Хомсты өлтірген болатын.

АЛ, Сейф әл-Ислам тұтқынға алынған еді. Сейф әл-Ислам осы уақытқа дейін Ливия түрмесінде болған, 2015 жылдың шілдесінде ол өлім жазасына кесілген болатын.

0 пікір
Мұрағат