Литва екі елге қатысты ерекше ереже бекітті
Литва екі елге қатысты ерекше ереже бекітті
2 жыл бұрын 1409 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Victor Lisitsyn, Виктор Лисицын / Global Look Press

Литва сеймасы (парламенті) ресейліктер мен белорустарға азаматтық беруге әрі олардың Литва аумағынан жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салу қарастырылған заң жобасын бірінші оқылымда қабылдап тастады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш құжат мәтіні жарияланған Литва парламентінің сайтына жөн сілтеген lenta ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түзетулердің авторы бұл тыйым салу шарасы «Литва Республикасының азаматтығын алу мүмкіндігін жоюды ұсынбайды, тек азаматтыққа қабылдау туралы өтініштер мен шешімдерді қабылдауды тоқтата тұруды ұсынады» деп түсіндіреді. Енді аталмыш заң талаптарына байланысты шетелдегі виза орталықтарында ресейліктер мен белорустердің өтініші қарастырылмайды. Тек бір жағдайда – Литва сыртқы істер министрлігі араласқанда ғана рұқсат етілуі мүмкін. Бұдан бөлек, аталған екі мемлекеттің азаматтарына Литвада және оның өкілдіктерінде елде тұру құжаты да берілмейтін болды. Сонымен қатар, түзетулер бойынша Ресейден келген жеке тұлғаларға және олар құрған немесе бақылайтын заңды тұлғаларға Литвада жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салынады. Бұл рәсім өз елінде қудалауға ұшырау қаупі бар, елде тұруға рұқсат берілген азаматтарға қолданылмайды.

0 пікір
Мұрағат