Лицензиясы жоқ жұмысшыларды жалдағандарға айыппұл салынады
Лицензиясы жоқ жұмысшыларды жалдағандарға айыппұл салынады
2 жыл бұрын 1083 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінде 153 жұмыс беруші тұлғаларға жалпы мөлшері 50 мың дирхам айыппұл салынды. Елде заңсыз жүргендерді үйдегі тірлігіне жалдағаны үшін. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай әрекеттерге барған жұмыс берушілер енді әкімшілік жазаға тартылады. Олар жаңа лицензиялар алуға өтініш бере алмайды және олардың ісі прокуратураға жіберіледі, оларға салынған 50 000 дирхем айыппұлдан бөлек заңды және қаржылық айыппұлдар салынады. 2022 жылы қабылданған федералдық қаулыға сәйкес үй жұмысшылары да белгілі бір талаптарды орындамаcа және мәртебесін дәлелдемеcе, екінші жұмысқа орналаса алмайды. Осы орайда бір апта бұрын Адам ресурстары және әмірліктендіру министрлігі «Үй жұмысшылары» заңындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін екі үй қызметкерлері агенттігінің, атап айтқанда, «Emirates International Center for Homesers Center» және Al Shamsi Homestics Services компанияларын тиісті лицензиясынан айырғанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат