ЛГБТ-ның туын ілуге тыйым салынды
ЛГБТ-ның туын ілуге тыйым салынды
2 сағат бұрын 42 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының мемлекеттік департаменті ел ішіндегі және шетелдегі өзінің өкілдіктеріне мемлекеттік тудан өзге жалауды (соның ішінде ЛГБТ-ның) ілуге тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың жарлығын басшылыққа алған аталмыш департаменттің жетекшісі Марка Рубиоға жөн сілтеген Washington Free Beacon ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Мемлекеттік департамент «бір ту саясатына көшеді», осылайша өз өкілдіктеріне бұрынғы президент Жо Байденнің кезінде АҚШ үкіметінің ғимараттарында желбіреген ЛГБТ (ЛГБТ - халықаралық қоғамдық қозғалысы) және Black Lives Matter қозғалысының жалауларын ілуге іс жүзінде тыйым салды», - делінген хабарламада. Бұл тыйымды елемеген мем. департаменттің кез келген қызметкері тәртіпке шақырылады, соның ішінде жұмыстан шеттетіліп, арадағы келісім-шартты бұзуға дейін шара қолданылады. Осы орайда АҚШ президентінің ел аумағында тек қос жыныс мүшесі ресми танылатындығы, яғни, адамдардың ерлер мен әйелдер ретінде ғана жіктелуге жол берілетіндігі турасында жарлығы да шыққанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат