Лазерлік жойғыш ұшағы пайда болды
Лазерлік жойғыш ұшағы пайда болды
7 жыл бұрын 3634 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың әскери әуе күштері осы жаз мезгілінде қуаты 50 киловатқа жететін жаңа лазерді сынақтан өткізе бастайды. Бұл қарудың жаңа түрін жетілдірілген F-15 Eagle ұшағының төртінші буынына орналастырады. Лазерлік қондырғы кез келген қолайсыз ауа райында жұмыс істей береді. АҚШ-тың қорғаныс министрлігі SHiELD (Self-protect High Energy Laser Demonstrator) деп аталатын жоғары энергетикалық лазерді әзірлеуге қатысты жоба аясында қолға алынып отырған бұл шара елдің қорғаныс мақсатында ғана емес, сонымен қатар, шабуыл кезінде де қолдану үшін де қажет болатынын жасырмады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, лазер әдеттегі оқталатын қару түрлеріне қарағанда, шексіз мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни, қайта оқтап, оталдырып жатпайсыз, оның үстіне, шығыны өте аз. Бұл жаңа қару түрін жасау тендерін америкалық Lockheed Martin компаниясы ұтып алды. Пентагон бұл қару түрінен дыбысқа дейін жеткізбейтін, трансдыбыстық және дыбыстан жылдам ұшу кезіндегі тиімділігіне үміт артып отыр. Лазерлік қондырғы дайын, алайда, инженерлер оның габаритін кемітумен, салмағын азайтумен және қолдану қуатын арттырумен байланысты жұмыстарымен айналысуда. Биыл жер бетінде сынақтан өткізіледі, ал 2019 жылдың жазында қанатты зымырандарды және ұшқышсыз аппараттарды жоюдағы тиімділігі мен мүмкіндігі тексеріледі. 

0 пікір
Мұрағат