Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
8 сағат бұрын 95 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото Латвияның ауыл шаруашылық министрлігіне тиесілі

Pārmaiņas Latvijā («Латвиядағы өзгеріс») деп аталатын қоғамдастығы ел аумағында малды шарғат талаптарына сай союға тыйым салуғға қарсы қол жинауға кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Sputnik Латвия агенттігіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. "Жануарлардың құқықтарын қорғау тұрғысынан алғанда, шариғат бойынша союды өлтірудің аса қатыгез тәсілі ретінде бағалау керек, бұл ретте оның ешқандай нақты немесе ғылыми негіздемесі жоқ. Сондай-ақ, дәстүрлі және мәдени-тарихи тұрғысынан келсек те Латвияда мұндай сою әдісі қолданылмаған және біз үшін жат", - деп санайды аталмыш қоғам белсенділері. “Жануарды союдың әдеттегі тәсілі кезінде токпен естен тандырып барып бауыздайды, содан кейін оның күре тамырын қияды. Ал халал сою әдісінде жануар санасы ояу болады. Содан соң Жаратанның атымен күре тамыры кесіледі. Жануар қорықпауы үшін көрмеуі тиіс өткір қайралған пышақты ғана пайдалануға рұқсат етіледі”деп сөзін жалғады белсенділер. Осы орайда Латвияда мал союдың халал әдісі 2009 жылдан бері қолданылып келе жатқанын айта кету керек. Олардың айтуынша, шариғат талаптарына сай мал сою әдісі азшылықты құрайтын топтардың мүддесі үшін қолданылады және жануарлар құқығы туралы осы күнгі ұғымға сәйкес келмейді. Шариғат талаптарына сай мал сою әдісіне еуропалық бірқатар елде, атап айтқанда, Норвегияда, Швецияда, Данияда, Швейцарияда және Исландияда тыйым салынған. 

0 пікір
Мұрағат