Латын америкалық мемлекет энергия ақысын криптовалютамен төлеу жүйесіне көшеді
|

Болибияның YPFB мемлекеттік энергетикалық компаниясы энергия төлемін криптовалютамен жүргізеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Reuters ресурсына жөн сілтеген cryptonews.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырп мәлім етеді. Аталған ел билігінің бұл қадамы күллі Оңт.стік Америка құрлығындағы криптовалюта техноологиясын дамытуға бастайтын маңызды ретінде бағаланып отыр. Сарапшылар тарапынан. Ал Болибияның өзіне не береді мұндай шеешім? Ең алдымен энергияға деген ішкі сұранысты қанағаттандырудың мейлінше икемді әрі тиімді жүйесіне көшуге мүмкіндік бермек. Дәлірегі, банк жүйесін айналып өтуге мүмкіндік алып, комиссиялық ақыны төлеу машақатынан құтылады.
Криптовалютаны пайдалану артықшылықтары:
• Транзакциялық шығындарды қысқарту: Cryptocurrency (криптовалюта) транзакциялары әдеттегі банк аударымдарына қарағанда әлдеқайда арзанғаа түседі;
• Төлемдерді жеделдету: Cryptocurrency транзакциялары энергияны күту уақытын қысқартуы мүмкін, яғни, транзакция әдеттегі банк аударымдарына қарағанда тезірек өңделуі мүмкін;
• Санкциялар мен шектеулерді айналып өту: Кейбір жағдайларда cryptocurrency елге салынған санкциялар мен шектеулерді айналып өту үшін пайдаланылуы мүмкін;
• Ашықтықты арттыру: cryptocurrency негізіндегі блокчейн технологиясы транзакцияның ашықтығын қамтамасыз етеді.




