Латын Америка елі трансген тұлғаларды психикалық ауытқуға ұшырағандар қатарына жатқызды
Латын Америка елі трансген тұлғаларды психикалық ауытқуға ұшырағандар қатарына жатқызды
7 ай бұрын 916 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Перу билігі трансгендерлерді және бинарлы емес адамдарды психикалық ауытқуы бар адамдар қатарына жатқызу туралы қаулы шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы El Peruano мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы құжатта олардың тегін психологиялық көмек алуға құқығы бар екені айтылған. Аталмыш жарлықта трансгендерліктен өзге «басқа гендерлік ауытқулар» турасында айтылған. Латын Америкасындағы аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі нақтылағандай, Перу аумағында әлі күнге Хлықаралық ауруларды жіктеудің Х нұсқасы өз күшінде қалып отыр. Онда трансгендерлік ұғымы «транссексуализм және гендерлік дисфория ересек жастағы тұлға мен мінез-құлық ауытқылураның блогына жатады», деп жіктелген. Ал аурулардың халықаралық жіктемесінің (ICD-11) жаңа, XI нұсқасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылы бекітті. Ол трансгендерлікті «адамның жыныстық сәйкестігі мен туған кезде тағайындалған жынысы арасындағы сәйкессіздік» ретінде сипаттайды және оны психикалық ауытқу деп санамайды. Перу билігінің бұл жарлығы оппозиция өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатаң сынына ұшырады. Олар жыныстық қалауы өзгеше тұлғаларды кемсітеді және олардың құқығын бұзады, деп санайды.

0 пікір
Мұрағат