Латын Америка елі ислами қаржыға мүдделілік танытты
|
Оңтүстік Америка құрлығының солтүстік-шығыс жағалауында орын тепкен шағын мемлекет – Суринам елінің билігі ислами қаржы жүйесіне ден қойып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Исламдық қаржы жүйесін зерттеу үшін оңтүстік-шығыс Азиядағы ірі мұсылман елі - Малайзияға Суринам орталық банкінің делегациясы арнайы келді. Сапарды Ислам даму банкі институты Куала-Лумпурдағы Ислам даму банкінің педагогикалық орталығы және исламдық қаржы жөніндегі халықаралық шариғи зерттеу академиясы (ISRA) ұйымдастырды. Сапар барысында латынамерикалық меймандар исламдық қаржыландыру және оның Малайзияда қолдану аясы мен барысы туралы жан-жақты мәліметке қанықты. Исламдық қаржыландыру бойынша білім берудің халықаралық орталығы (INCEIF) өткізетін исламдық қаржыландыру бойынша оқыту курсынан басталған бұл сапар шариғат жолымен басқару және исламдық қаржы институттарының қаржылық есеп беру мәселелері де талқыланды. Суринам делегациясы Maybank Islamic ислам банкіне бас сұғып, оның қызметімен танысты. Содан соң Оңтүстік Америкадан келген қонақтар исламдық қаржыландырудың жаһандық стандарттары туралы дерекке ие болды.