Лас ауаның адам денсаулығына зияны бағаланды
Лас ауаның адам денсаулығына зияны бағаланды
6 ай бұрын 563 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жұмыс орнындағы ауаның ластануынан күллі әлем бойынша 1,6 млрд-тан аса адам зардап шегеді. Яғни, жаһандағы жұмыс орнындағы адамдардың 70 пайызы ластанан ауаның зиянды әсеріне ұшыраған. Бұл жайында islam.kz порталы Халықаралық еңбек ұйымы (www.ilo.org сайтына) келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ультракүлгін сәулелер де жұмысшылардың денсаулығына зиян келтіреді. Климаттың өзгеруінен жүрек-тамыр және тыныс алу жолдары аурулары өршіп, сондай-ақ, бүйрек қызметінің бұзылуына және психикалық ауытқуларға бастайды. 870 миллионнан астам ауыл шаруашылығы қызметкерлері пестицидтердың залалын тартады. 2020 жылғы мәліметке сәйкес 2,4 миллиардтан астам адам жұмыс орнында мезгіл-мезгіл шамадан тыс жоғары температурадан зардап шеккен. Оның үстіне, 2000 жылдан бері бұл үлес 65,5-тен 70,9 пайызға дейін өсіп кеткен. Сонымен қатар, 2020 жылы әлемде 26,2 миллион адам жұмыста аптап ыстықтан туындайтын күйзеліспен байланысты созылмалы бүйрек ауруына  шалдыққан. ХЕҰ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Манал Аззи климаттың дағдарысы қазірдің өзінде жұмысшылардың денсаулығына айтарлықтай қосымша қауіп төндіріп, салмақ салып отырғанын айта келе еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшылардың денсаулығына көбірек көңіл бөлуге шақырды.

0 пікір
Мұрағат