Лаңкестерге қарсы әйелдерден арнайы жасақ құрылды
Лаңкестерге қарсы әйелдерден арнайы жасақ құрылды
5 жыл бұрын 2066 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның Измир провинциясында ішкі істер министрлігі бөлімшелерінің бірінде тек әскери әйелдерден тұратын арнайы жасақтың жаттығу дайындығы аяқталды. Өткен аптаның соңында. Бұл жайында түріктердің Anadolu ақпарат агенттігі хабар таратты. Поша ауданындағы әскери бөлімшесінде әйелдердің арнайы жасағының алғашқы легінің дайындық жаттығуы табаны күректей 20 аптаға созылды. Арнайы жасақта қызметін жалғастыратын жиырма әскери әйелдің жаттығуы өткен жылдың қыркүйек айында басталған еді. Жаттығу бағдарламасында оларды лаңкестермен бетпе-бет келгенде шұғыл әрекет ету, табандылық таныту, т.б. дағдыларға үйрететін психологиялық тұрғыдан да, дене шынықтыру тұрғысынан да жаттығудан өтті. Жаттығу кезінде оларға ас-су барынша аз берілді. Болашақ арнайы жасақ сарбаздары (әйелдер) аттай 61 күн бойы ашық далада түнеді. Түрлі қарудан атып үйренді. Сондай-ақ, олар қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсіліне, алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге, топологиялық картаны пайдалануға үйретілді. Жаттығудан сәтті өткендерге старшина шені берілді.

0 пікір
Мұрағат