Лай да, май да жұқпайтын автокөлік пайда болды
Лай да, май да жұқпайтын автокөлік пайда болды
11 жыл бұрын 3775

Осыдан біраз күн бұрын өздігінен жүретін автокөліктің пайда болғаны жөнінде хабаралаған едік. Бұл жолы жапондықтардың Nissan автокөлік компаниясы май да, лай да жұқтырмайтын, шаң қондырмайтын, автокөлікті таза әрі жылтыр қалпында қалдыратын өзгеше бояу әзірледі.

Аса жоғары технологиялы бояу суға, майға, лайға немесе шаңға «бой бермейтін» арнайы нанобөлшектен тұрады. Жаңа бояуды алдымен Nissan Note маркалы автокөлікке қолданып, байқап көреді.

«Супергидрофобтық жабудың тиімділігін нақтылы бағалау үшін Nissan Technical Centre Europe инженерлері Note автокөлігінің жаңа үлгісінде қолданылған өздігінен тазалайтын бояуды әр түрлі жағдайларда сынап көретін болады»,- деп айтылған аталмыш компанияның мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, мәлімдемеде бояудың тиімділігі мен артықшылығы – көлік жабыны мен қоршаған ортаның арасында пайда болатын арнайы ауаны қорғайтын қабатында жатқаны баян етілген. Егер сынақ сәтті өтіп, ойдағыдай нәтиже беретін болса, компания өз автокөліктерінде қолданатын болады. 

0 пікір
Мұрағат