Күзетшілердің "құзыреті" кеңейтілуі мүмкін
Күзетшілердің "құзыреті" кеңейтілуі мүмкін
5 жыл бұрын 1725 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Швеция билігі күзетші болып жұмыс істейтін тұлғаларға қатысты жаңа нормативті-құқықтық база құруға бел байлап отыр. Бұл жайында шведтердің Dagens Nyheter ақпарат көзі хабар таратты. «Бұл қатаң талап қойылатын мамандық, бүгінде ол алғаш пайда болған кезіне (40 жылдан асқан) қарағанда күрделі сипат алған»,- деп мәлімдеді Швецияның ішкі істер министрі әрі социал-демократиялық партия мүшесі Микаэль Дамберг. Соңғы уақытта Швецияда қылмыскерлердің белсенділігі артып келеді. Осыған байланысты күзетшілердің қызметін қайта қарастыруға тура келіп отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, күзетшілер қай жерлерде әне қандай мақсатта өзінің қызметтік борышын атқаруы тиіс, қандай құзыретке ие болуы керек, болашақ күзетшілерді дайындаудың машықтарын қалай жақсартуға болады, міне, осындай сауалдарға жауап іздейтін болады.

0 пікір
Мұрағат