Күрдтер ақыры шегінді - тәуелсіздік референдумының нәтижесінен уақытша бас тартты
Күрдтер ақыры шегінді - тәуелсіздік референдумының нәтижесінен уақытша бас тартты
7 жыл бұрын 3327 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ирак аумағында сепаратистік әрекетке жолы беріп, осы елдегі этникалық азшылықты құрайтын күрдтердің қыркүйек айының 25-і күні тәуелсіздікті жариялау турасында референдум өткізгенін хабарлаған болатынбыз. Бұл саяси шарада күрдтер  референдумда тәуелсіздікті жақтап, дауыс берген де болатын. Алайда, күрдтердің бұл референдумның нәтижесін АҚШ, Түркия, соның ішінде, Ирак билігі мойындаған жоқ. Ирактың қарулы күштеріне қарсылық көрсеткен күрдтер ақыры шегінуге, яғни, референдум нәтижесінен уақытша бас тартуына тура келді. Күрдтер Ирак билігіне мынадай шарттар қойып отыр: 1.Күрдістандағы атыс пен әскери операция дереу тоқтатылсын; 2.Күрдістанда өткізілген референдум нәтижесін мойындау уақытша доғарылсын; 3.Ирактың федералды үкіметі мен Күрдістанның аймақтық үкіметі арасында конституция негізінде ашық диалог орнасын.

Күрдтердің бұл талабына Ирак билігі әзірге ресми жауап берген жоқ. 

0 пікір
Мұрағат