Күншығыс еліне барғысы келетін мұсылмандар назарына!
|
Жапонияға саяхаттап немесе іскерлік сапармен барғысы келетін мұсылмандар шариғат талаптарына сай әзірленген тамақтану орындарын шабдалы бейнеленген логотип арқылы таба алады. Жапондардың халал ас ұсынатын дәмханаларында, сонымен қатар, ағылшын тілінде жазылған ас мәзірі мен жайнамаз беріледі. Окаяма, Манива және Кибичо қалалық білім беру мекемесі, туристік-сауықтыру қауымдастығы және Жапонияның аймақтық туристік ассоциациясы шариғат талаптарына сай тағам ұсынатын дәмханалар мен мейрамханаларға шабдалы бейнеленген сертификат табыстауда. Аталған сертификат астың шариғат талаптарына сай әзірленгеніне кепілдік бола алады. Шабдалы логотипі екі түрлі жасалған: қызғылт шабдалы және сарғыш-қызғылт шабдалы. Қызғылты доңыз етінің болмауын білдіреді және ас мәзірін тек ағылшын тілінде ұсынады. Ал сарғыш-қызғылты доңыз етінің болмауымен, ас мәзірінің ағылшын тілінде берілетінін білдірумен қатар тағам құрамында шикі қоспалардың барын білдірмек. Сарғыш-қызғылт логотипті қоғамдық тамақтану орындарында, сонымен бірге, намаз оқуың үшін жайнамаз, қасиетті Қағбаны анықтауға көмектесетін компас, дәрет алатын орын ұсынылады. Айта кетейік, осы уақытқа дейін 13 нысанға шабдалы бейнеленген логотипі бар сертификат берілген.