Күншығыс елінде балалар арасындағы суицид рекордтық деңгейге жетті
Күншығыс елінде балалар арасындағы суицид рекордтық деңгейге жетті
20 күн бұрын 558 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы Жапонияда 1980  жылдан бері мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсағандар саны рекордтық деңгейге жеткен. Күншығыс елі үкіметінің бас хатшысы Кэйитиро Татибана биліктің жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы суицид оқиғаларының жиілеп кеткеніне алаңдап отырғанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы centralasia.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. NHK дерек көзі келтірген арал мемлекеттің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес өткен жылы Жапонияда 20 268 өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы орын алған, бұл көрсеткіш 2023 жылғымен салыстырғанда 1569-ға аз. Суицидті көбінесе ер жынысты адамдар жасаған - 13 763. Ал балалар арасында өзін-өзі өлтіру көрсеткіші - 527, олардың денін негізінен жоғары сынып оқушылары құраған - 349. Орта мектептің 163 бастауыш сынып оқушысы және бастауыш мектептің 15 оқушысы өзіне-өзі қол жұмсаған. Суицидке барғандар арасында бастауыш сыныпта оқитын жеткіншектердің болуы қалыпты жағдайға айналып барады. Осы орайда Жапония тұрғындарының қарасы бүгінде 124,5 млн адамды құрайтынын айта кетпекпіз. Жапония әлемдегі қарт тұрғыны ең көп ел әрі қартаю процесі қатты қарқын алған ел. Жылдан жылға туу көрсеткіші төмендеп келеді.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 1 2