Күншығыс елінде алжып жоғалғандар қарасы рекордтық деңгейге жеткен
Күншығыс елінде алжып жоғалғандар қарасы рекордтық деңгейге жеткен
6 ай бұрын 976 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапонияның ұлттық полиция агенттігі өткен жылы елде 19 039 адам алжудан (деменциядан) зардап шекті. Бұл - рекордтық көрсеткіш - алдыңғы жылмен салыстырғанда 330 адамға көп. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2012 жылы статистика жүргізіле бастағаннан бері когнитивті ауытқуға ұшырағандар қарасы қатарынан он жыл өсуде. Жоғалғандар арасында 10 597 ер адам және 8 442 әйел бар. Күншығыс елінің денсаулық сақтау, еңбекпен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі келтірген дерекке қарағанда, қартаю процесімен қатар жүретін бұл кеселден 2040 жылға таман әрбір жетінші жапон зардап шегетін болады. 2040 жылға қарай Жапонияда 65 және одан жоғары жастағы қарт адамдар саны ең жоғары деңгейге жетеді, осыған байланысты алжу ауруына шалдығатын қарт адамдар саны 5 842 000 жетпек.

0 пікір
Мұрағат