|
Күншығыс елі бір жыл шамасында соғыссыз, табиғи апатсыз, аштықсыз жарты млн-ға тарта адамынан айырылып қалды. Бір ғана себептен...
|
2018 жылдан 2019 жылға дейін жапондар қарасы 433,2 мың адамға азайып кеткен. Қартаю процесіне байланысты. Бұл жайында күншығыс елінің ішкі істер және коммуникация министрлігі мәлім етті. Осы жылдың басында Жапониядағы халық саны 124,8 млн адамды құраған еді. Аталмыш құзырлы органның келтірген дерегіне қарағанда, олардың бәрі жапондар емес, соңғы уақытта елге келген шетелдіктер қарасы артып келеді. Керісінше, жапондар саны он жыл қатарынан тоқтаусыз кеміп келеді. Бұған қартаю процесіне байланысты орын алып отырған туу көрсеткіші мен бақилық болғандар саны арасындағы айырмашылық себеп болып отыр. 2018 жылы 921 мың жапон дүние есігін ашса, өлген жапондар қарасы 1363 мың адамға жеткен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Жапония азаматтық алу үшін елде тұру мерзімін 5 жылдан 10 жылға ұзартты
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды