Күніне 205 мың текше метр тұшшы су өндіріледі
Күніне 205 мың текше метр тұшшы су өндіріледі
5 жыл бұрын 3249 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның сумен жабдықтау және тазалау құрылғылары жөніндегі ұлттық инжинирингтік компанияның бас инженеріның орынбасары Шаһин Пакруһтың айтуынша, Парсы елінің теңіз жағалауында орналасқан кей аудандарында, атап айтқанда, Һузестан мен Һормазганда және Бушерде күніне 250 мың текше метр тұшшы су өндіріледі. Сондай-ақ, олМазендаран, Систан-Белужстан, Семнан, Әлборз, Исфаһан, Керман және Илам провинцияларында  су тұшшыландыратын 25 қондырғының орнатылып жатқанын жеткізді. Бұл жайында ISNA ақпарат көзі хабар таратты. Аталған провинцияларды су тұшшыландыратын қондырғылар орнатылып болған соң күніне бір жарым млн текше метр су тұшшыландырылатын болады. Соңғы 7 жыл ішінде ауызсудан тарығып отырған ел иглігі үшін су тұшшыландыратын 85 қондырғыны орнатуға жергілікті жекеменшік фирмалармен жалпы құны 141 млн доллар болатын келісім-шарт бекітілгенін тілге тиек етті. Парсы елі шөлді және шөлейтті аймақта орналасса да солтүстігінде қарт Каспи мен оңтүстігіндегі Парсы шығанағындағы кермек суды ауыл шаруашылық мақсатында тұшшыландыруды қолға алып жатқа ел.

0 пікір
Мұрағат