Күнәлі істі заңдастыру туралы ұсыныс айтылды
Күнәлі істі заңдастыру туралы ұсыныс айтылды
10 жыл бұрын 3120

Естеріңізде болса, сайтымыздың жаңалықтар бөлімінде осыдан бірер ай бұрын Еуропаның бірқатар елдерінде эвтаназияға (Алланың аманат етіп берген жанын өз еркімен қию – ред.) заң жүзінде рұқсат берілгендігі турасында хабар таратқан едік. Сондай ауыр күнәлардың біріне рұқсат беру турасында бастама мұсылман елі саналатын және халқының дені мұсылмандардан тұратын Мысырда көтерілген болатын. «әл-Массри әл-Яум» басылымының хабарлауынша, Мысырлық темекі  диллерлері қауымдастығының директоры Усама Сәлем ел премьері Ибрагим Маһлиабқа есірткіні өсіруді, саудаға шығаруды және тұтынуды заңдастыру туралы ұсыныс білдірген. Әлбетте, оған салынатын салық та жоғары болуы тиіс, осылайша ел бюджетін толтыруды көздеп отыр. Усама Сәлемнің айтуынша, мұндай заң қабылданатын болса, ел қазынасы жылына шамамен жарты млрд долларға толығады. Бұған қоса, есірткі бизнесімен күресуге жылдағыдай 130 млн доллар бөлудің қажеті болмай қалады. Яғни, артық шығынға жол берілмейді, бұл қаражат мемлекеттің өзінде қалатын болады. Сөз реті келгенде айта кетейік, кейбір мұсылман елдерінде есірткі бизнесімен айналысқандар мен оны қолданғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өлім жазасына кесілді.  

1 пікір
  • Musilmandarga baskalardin zhaman areketine eliktep ne bolipti. Bizge Allahtin kitabi Paygabmarimizdin Hadisteri Ahli-Sunna galimdarinin idzhmagi zhetpeyme??
    10 жыл бұрын
Мұрағат