Күн сайын 10 жастағы қыздардың 47 мыңнан астамы күйеуге тиюге мәжбүр
|
Күн сайын әлем бойынша 10 жастағы қыздардың 47 мыңнан астамы күштеп күйеуге шығарылады. Бұл туралы БҰҰ Халықты қоныстандыру қоры бағдарламасының (ЮНФПА) атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Астанада БҰҰ Халықты қоныстандыру қоры бағдарламасының «10: Осы жастағы қыздардан біздің болашағымыз қаншалықты тәуелді» деген тақырыппен баяндамасы таныстырылды.
«Күн сайын 47 700 қыз, оның көбі 10 жаста, күштеп күйеуге беріледі. Балалық неке жүктілікке әкеледі. Баланың жүктілігі әрқашан қауіпті, оның үстіне қыздар оқуды тастап кетуге мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде оның болашағына балта шабады. Жыныстық тұрғыда толысқан миллиондаған қыз өмірбақи кедейліктен көз ашпайды, құқықтары аяққа тапталып, мүмкіндіктерді пайдалана алмай, қор болады», - дейді Сисемалиев.
Оның айтуынша, білім алған бойжеткендердің егер құқықтары тапталмаса, табысы үш есеге дейін көп болады. Олардың денсаулықтары едәуір жақсы келеді. Табыстың, еңбек тиімділігінің жоғары болуы - мемлекеттің дамуына қатты әсер етеді. Біздің болашағымыз 10 жастағы 60 миллион қыздың тағдырына қатты тәуелді екендігін аталмыш баяндама көрсетіп отыр.