|
Күллі әлемнің жиынтық қарызы әлемнің жалпы ішкі өнімінің 230%-на жеткен
|
Ғаламдық қарыз мөлшері, соның ішінде, мемлекеттер мен жекеменшік секторы бар, рекордтық деңгейге жеткен – 188 трлн доллар. Бұл көрсеткішті жаһандық жалпы ішкі өнімге шаққанда шамамен 230%-ды құрайды. Бұл жайында Халықаралық валюта қорының жаңадан тағайындалған басқарушы директоры Кристалина Георгиева Вашингтон қаласында, жыл сайын өтетін Annual Research Conference экономикалық зерттеу жиынында мәлім етті. Оның айтуынша, қарыз мөлшерінің көп бөлігі жекеменшік сектордың мойнында. Яғни, жалпы әлемдік қарыздың үштен екісі осы жекеменшік сектордың үлесінде. Қарыздың ұлғаюына байланысты әлем экономикасының өсу қарқыны жылдан жылға кеміп келеді. Қарыз адымын аштырмаған әлем экономикасы дағдарыс алдында тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)