Күллі әлем бойынша гуманитарлық дағдарыс тереңдейді
Күллі әлем бойынша гуманитарлық дағдарыс тереңдейді
2 жыл бұрын 1561 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Pavel Klimov / Reuters

Табалдырықтан аттағалы тұрған 2023 жылы гуманитарлық дағдарыс тереңдейді. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық құтқару комитетінің (International Rescue Committee, IRC) сарапшылары өз зерттеулерінде апатты жағдайды жаһандық климаттың өзгеруі қиындататынын алға тартып отыр. Баяндама мәтіні ұйымның сайтында жарияланған. Сарапшылар соңғы онжылдықта гуманитарлық көмекке мұқтаж адамдар саны күрт өскенін атап өтті - 2014 жылғы 81 миллион адамнан 2022 жылы 339,2 миллион адамға дейін. Ғаламдағы төтенше жағдайлардың пайда болуына ықпал ететін негізгі факторға IRC сарапшылары жаһандық жылынуды жатқызып отыр. Климат өзгерісінің салдарынан гуманитарлық дағдарыс тереңдей береді, мәселен, толассыз жауған нөсердің кесірінен Сомали мен Эфиопияда азық-түлік тапшылығы орын алған, ал Пәкістанда қалың нөсерден пайда болған тасқын-селден мыңдаған адамның өмірі қиылды. Сарапшылар азық-түлік қауіпсіздігіне әскери қақтығыстар мен әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдай да нұқсан келтіретінін айтты. Сарапшылардың пікірінше, бар гуманитарлық мәселелерді шешу үшін шамамен 27 миллиард доллардың өзі жеткіліксіз.

0 пікір
Мұрағат