|
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
|
Марокко Африка құрлығында интеллектуалды капитал мен инновация бойынша өткенн жылы жаһандық тұрақты бәсекеге жарамдылық индексінде бірінші орынға шыққан. Ал осы рейтингте қамтылған әлемнің 192 елі арасында 84-ші орыннан көрінген. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осымен қатарынан 14-ші жыл SolAbility зерттеу компаниясы жариялаған жыл сайынғы индекс Мароккоға жалпы 46,82 ұпай берген, осылайша аталған араб елі бірнеше өңірлік экономикалық бәсекелестерді басып озды. Есепте Марокконың Африка құрлығындағы зияткерлік капиталдың ең күшті құрылымына ие екені және осы кіші санатта әлемде 62-ші орын алатыны белгіленген. Тунис осы көрсеткіш бойынша 95-орынды, ал Оңтүстік Африка 127-орынды иеленді. Бұл бағыттағы нәтиже Марокконың неғұрлым құнды секторларға инвестиция құятынын, соның ішінде білім беру, зерттеулер мен әзірлемелерді, сондай-ақ, елдің білімге негізделген бәсекеге қабілеттілігі саласындағы ықпалын көрсетеді. Инновациялардағы жоғары көрсеткіштерге қарамастан Марокко басқа салаларда сын-қатерлерге тап болуда. Есепте еуропалық эталондармен салыстырғанда басқару және институционалды тиімділік бойынша салыстырмалы түрде төмен көрсеткіштерге ие. Керісінше Оңтүстік Африка басқару саласында көшбасшылығын сақтапп, әлемде 87-орынды иеленді. Марокко, сондай-ақ, әлеуметтік капитал бойынша Сенегал, Кения және Мадагаскар сияқты елдерден артта қалған. Бұл әлеуметтік бірлік пен теңдікке инвестиция салу қажеттігін көрсетеді. Индекс Марокконың жаһандық сауда дәліздеріндегі өсіп келе жатқан стратегиялық рөлін атап өткен, дәлірегі, Танжерлік Жерорта теңізінің айлағын және елді ірі халықаралық логистикалық желілерге біріктірген кеңейтілген инфрақұрылымға ие екендігі айтылған есепте.