Күллі Африка құрлығы бойынша ең ірі күн стансасы Таяу Шығыс аймағында ашылды
Күллі Африка құрлығы бойынша ең ірі күн стансасы Таяу Шығыс аймағында ашылды
1 ай бұрын 554 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мысыр аумағында бүкіл Таяу Шығыста ғана емес, Африка құрлығындағы ең ірі  Abydos 1 күн электр стансасы іскке қосылды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 10 мың шаршы метр аумақты алып жатқан стратегиялық маңызды нысан Ком Омбо шөлінде, дәлірегі, Асуан қаласынан солтүстікке қарай 50 шақырым қашық жерде орналасқан. Қоршаған ортаға зияны мейлінше аз жаңғыртпалы энергия көздерін дамытуды маңызды орын алатын аталмыш электр стансасының қуаты жарты миллиард долларды құрайды, яғни, 500 мегаватт. Abydos 1 құрылысы бір жарым жылға созылды. Пирамидалар елінің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған насынды OEA AMEA Power компаниясы салды. Мысыр билігінің өршіл жоспарына сәйкес бес жыл ішінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 42%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр

0 пікір
Мұрағат