Криптовалютаға рұқсат берген және тыйым салған мемлекеттер
|
Бұл валютаның пайда болғанына көп уақыт өтпегендіктен кей мемлекеттер нарықтың бұл түрі туралы әлі нормативті-құқықтық база дайындап үлгермесе, енді бір мемлекеттер заңдастырып тастады.
Бұл тұрғыда әр мемлекет криптовалютаға өз бетінше әртүрлі мәртебе беруде.
Қазақстан өз кезегінде валютаның бұл түріне қатысты әзірге нақты заң дайындамағанымен, тыйым да салмаған. Ал Астана қаржы орталығында арнайы криптовалюта нарығы жұмыс істейтін болады.
Криптовалютаны экономикаға белсенді енгізу үшін нормативті-құқықтық база қабылдаған мемлекеттер (немесе оған тыйым салмаған елдер):
Австралия, Бельгия, Бразилия, Канада, Колумбия, Хорватия, Чехия, Кипр, Дания, Франция, Германия, Гонконг, Израиль, Италия, Жапония, Украина, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Сингапур, Словения, Испания, Швейцария, Швеция, Түркия, Ұлыбритания, АҚШ және т.б.
Криптовалютаны заңсыз деп танып, оның айналымына тыйым салған мемлекеттер:
Бангладеш, Боливия, Қытай (өткен апта шартты түрде шектеуді алып тастады), Эквадор, Исландия, Индонезия, Қырғызстан, Ливан, Ресей, Тайланд, Вьетнам және т.б.
Ескерту: Бұл мәліметтер жыл басындағы деректерге сүйеніп дайындалғандықтан, кей мемлекеттер туралы ақпараттар ескірген болуы ықтимал.