Криптовалюта тұңғыш рет төлем құралы ретінде заңдастырылды
Криптовалюта тұңғыш рет төлем құралы ретінде заңдастырылды
3 жыл бұрын 1351 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қыркүйек айының 7-і күні биткоиннің бағамы 52,9 мың долларды құрады. Криптовалюта бағасының өсуіне Сальвадорде биткоиннің төлем құралы ретінде заңдастырылғаны туралы хабар себеп болды. Бұл жайында islam.kz порталы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыдан үш ай бұрын аталған елдің заң шығарушы ассамблеясы биткоинді заңды төлем құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдаған болатын. Дауыс беруде 84 депутаттың 62-сі жақтаған. Осылайша Сальвадор криптовалютаны заңды төлем құралына айналдырған әлемдегі тұңғыш ел ретінде тарихта қалатын болды. Қабылданған заң талаптарына сәйкес Сальвадор биткоинді америкалық доллармен қатар төлем құралы ретінде пайдалана алады. Ал доллар мен биткоиннің айырбас бағаамын нарық белгілейді. Барлық баға биткоинмен белгіленеді. Салық та биткоинмен төленеді.

0 пікір
Мұрағат