Кремл азшылықты құрайтын ұлттардың құқығын қорғайтын конвенциядан шықты
Кремл азшылықты құрайтын ұлттардың құқығын қорғайтын конвенциядан шықты
3 ай бұрын 812 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы 1996 жылы ақпан айында Страсбургте бекітілген Еуропа кеңесінің азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстарды қорғау жөніндегі конвенциядан шықты. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Құқық қорғау саласындағы маңызды құжатта азшылықты құрайтын ұлттарды қандай да бір кемсітушіліктен қорғау, азшылық ұлт өкілдерінің теңдікке жетуіне жәрдемдесу, олардың мәдениетін, дінін, тілі мен дәстүрін сақтау, сөз бостандығын қорғау, экономикалық, мәдени және әлеуметтік өмірге қатысу, өз тілінде сөйлеу құқығы мен білім алу бостандығын сақтау, олардың құқығын шектейтін қандай да бір күштеп тыйым салу сияқты жалпы міндеттер мен қағидаттар белгіленген. Аталмыш конвенцияға әлемнің 29 мемлекеті қосылған. Осылайша азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстар саны жағынан әлемде алдыңғы орында тұрған (отарлау есебінен) Ресей билігі конвенциядан шығу арқылы орыстандыру саясатын (одан ары отарлау) саясатын тереңдетуге қол жеткізді. Халықаралық құқық қорғаушылар мен сарапшылар бұдан былай Ресейдегі азшылықты құрайтын ұлттар мен ұлыстар құқығының қалай қорғалатынын қадағалау мүмкіндігінен айырылды.

0 пікір
Мұрағат