Көшпенділер Ирандағы ет нарығының 25%-ын қамтамасыз етіп отыр
Көшпенділер Ирандағы ет нарығының 25%-ын қамтамасыз етіп отыр
4 жыл бұрын 4990 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Парсылар елінің көшпенділер ісі жөніндегі ұйым жетекшісі Шаһбұр Алай-Мұғадам аяқталуына аз қалған осы жылы (2020 жылдың наурыз айының 19-нан бастап) ел аумағындағы көшпенділердің етпен қамтамасыз ету көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы IRIB News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, биыл (ирандықтардың жыл қайыруы бойынша) көшпенділер отандық ет нарығынын 200 мың тонна етпен қатмасыз еткен, яғни, елдегі жалпы ет нарығының бір ширегін, яғни, төрттен бірі құраған. Соңғы статистикалық дерекке қарағанда, шиғалар еліндегі көшпенді отбасылар саны 246 мыңға жеткен, яғни, Иран тұрғындарының 1,2 млн адамын құрап отыр. Олардың мал басы да жыл сайын өсіп келеді, дәлірегі, ірі қара санын 22,4 млн-ға жеткізген, 34 млн гектар жайылымды пайдаланады. Көшпенділер жыл сайын тұтынатын 1,25 млн мал жемінің 570 мыңын шеттен алдырады, яғни, импорттайды. Осылайша ата-баба кәсібін тәрк етпей келе жатқан Ирандағы көшпенділер Иран экономикасына едәуір үлес қосып келеді. Бұл елдегі көшпенді халықтар туралы аз-кем мағдұмат: лур (дені шиғалық ағымда), бақтияр және белуж (негізінен сүнниттер), қашқай мен шаһсебен (дені шиғалық ағымда), түркімендер (түркі халқы, сүнниттер). 

0 пікір
Мұрағат