Көші-қон заңын бұзғандарға босқын мәртебесі берілмейді әрі елден қуылады
Көші-қон заңын бұзғандарға босқын мәртебесі берілмейді әрі елден қуылады
6 жыл бұрын 2892 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жайында италияның ішкі істер министрлігі Маттео Сальвини мәлім етті. Оның айтуынша, кешірім беру процедурасын қатайту қарастырылған қауіпсіздік туралы жаңа жарлық әзірленіп жатыр. Ендігі жерде жаңа ережеге сәйкес шекараны заңсыз қиып өткендер қылмыскерлермен теңестіріледі. Бұдан бөлек, Италия аумағынан тұтқындағы барлық шетелдіктер қуылатын болады. Маттео Сальвини ел аумағындағы түрмелерде 20 мыңдай шетелдік жазасын өтеп жатқанын және олардың қарасы барлық тұтқындардың үштен бірін құрайтынын жеткізді. Осылай дей келе абақтыға жабылған шетелдіктерді асырау мемлекет қазынасына үлкен салмақ салып отырғанын тілге тиек етті. Қазіргі уақытта Италия билігі шетелдік тұтқындарды қайтару жөнінде Румыния, Албания, Тунис, Нигериямен келісімге келген. Алдағы уақытта Италия аумағындағы абақтыға жабылған шетелдік тұтқындардың қай ел азаматтығында екені анықталып, сол елдердің билігімен тұтқындарды қайтарып беру жөнінде келіссөз жүргізілмек. 

0 пікір
Мұрағат