Көшеде 5 сағат қолына Құран ұстап жүрген студентке өзгелер қалай қарады (видео)?
Көшеде 5 сағат қолына Құран ұстап жүрген студентке өзгелер қалай қарады (видео)?
10 жыл бұрын 5085

Италияның жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алып жатқан Хамди Махисен есімді мысырлық студент өзгеше әлеуметтік тәжірибе жүргізді. Бұл мақсатта ол үстіне ақ киім, басына тақия киіп, қасиетті Құран кітабын қолына ұстап, Милан көшелерімен 5 сағат жүрген. Ал оның серігі видео камераны қосып, соңынан ілесіп отырған. Бұл жайында Huffington Post ақпарат көзі хабар таратты. Осынау өзгеше әлеуметтік тәжірибені жүргізген мұсылман жігітінің киімі ең алдымен көшедегі жүргіншілердің назарын аударған екен. Оған «Тәліпсің» немесе «ИСИМ-сің» деп айғайлағандар да болған екен. Сондай-ақ, оның қолындағы қасиетті Құран кітабына көзі түскендер оны саусағымен нұсқап: «Қараңдар, имам кетіп барады», деп, бір-біріне күбірлеген көрінеді. Ол ол ма, «оның тақиясының астында бомба жасырулы» деп, қарадай күдіктенгендері болған. Батыс елдерінде кейінгі кезде мұндай діни астары бар әлеуметтік тәжірибелердің жиі жүргізілетін болып жүр. Кезінде бұл туралы ақпараттар сайтымыздағы жаңалықтар бөлімінде жарияланған болатын. 

 

 

0 пікір
Мұрағат