Көрші мемлекет өсімдіктердің «шетелдік агенттерін» елге әкелген фермерлерге айыппұл салады
Көрші мемлекет өсімдіктердің «шетелдік агенттерін» елге әкелген фермерлерге айыппұл салады
1 сағат бұрын 33 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биылдан қалмай Ресей Федерациясының Нижегород облысы аймақтың деңгейде шетелдік өсімдіктердің ресми тізімін жасап, жергілікті экологияға зиянды және тұрғындар женсаулығына қауіпті инвазивті түрлерді пайдаланған фермерлерге жауапкершілік қарастыратын болады. Бұл жайында islam.kz порталы EastFruit ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті заң жобасы қарастырылып жатыр. Егер аталмыш заң жобасы қабылданса, «шетелдік агент өсімдігі» термині заң жүзінде бекітіледі, жергілікті биологиялық әрауландылыққа жат инвазивті өсімдік түрлерінің тізімі әзірленеді және осы тізімдегі тыйым салынған өсімдікті елге әкелгендер жазаланады және инвазивті өсімдікті жоюға пәрмен беріледі. Мұндай тізімге агрессивті инвазивті түрге жататын, жергілікті өсімдіктерді жылдам ығыстыратын әрі адам терісіне тисе, күйдіретін аю балдырғаны бірінші болып енгізіледі. Мұндай жат жерлік өсімдік бақшасынан немесе жерінен табылған адамға оны жоюға тапсырма беріледі. Егер талапты орындамаса, айыппұл салынады. 2026 жылдың наурыз айының 1-нен бастап аграрлық саланың мамандарына бөгде өсімдіктермен күресті міндеттейтін федералды норма қолданысқа енеді. Биліктің бұл тапсырмасына немесе талабына құлақ аспағандарына 50 мың рублге дейін айыппұл салынады. Көкөністер мен жеміс-жидек өндіру секторы үшін мұндай бастамалар жердің фитосанитариялық жай-күйіне әкімшілік бақылауды күшейтуді, сондай-ақ, өнімділікті төмендетуі, өсіру технологияларын қиындатуы және өнім сапасын нашарлатуы мүмкін арамшөптердің инвазивті түрлерімен күреске арналған қосымша шығынға баруға итермелейді. Сонымен қатар, сарапшылар инвазивті өсімдіктер проблемасы аграрлық сектор үшін жаһандық сын-қатер болып табылатынын, алайда, бұл саланы реттеудің әдіс-тәсілі саяси риторикаға емес, ғылыми қағидаттар мен экономикалық әсеріне негізделуі тиіс екенін атап өтті

Ұқсас материалдар:

Ресей тағы бір өсімдікті жатжерлік деп танып, жаппай жоюға кіріседі

Жапония бөгде түрден зардап шеге бастады

Бір ғана араб елі биологиялық басқыншылықтан жылына 5 млрд доллардан аса шығын көріп келеді

0 пікір
Мұрағат