Көрші елде семіздікті әлеуметтік мәні бар аурулар қатарына қосайын деп жатыр
Көрші елде семіздікті әлеуметтік мәні бар аурулар қатарына қосайын деп жатыр
4 ай бұрын 540 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясында семіздікті әлеуметтік мәні бар аурулар қатарына қосылуы мүмкін. Тарихта осылайша семіздікті әлеуметтік мәні бар аурулар санатына жатқызған алғашқы ел пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы «Известия» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. РФ мемлекеттік думасы семіздікке қатысты арнайы мәртебе таңуы өз кезегінде бұл дерттің алдын алу шараларының жүйелі түрде жүргізілуіне, артық салмақтан зардап шегетіндердің ем-домын мемлекет тарапынан қаржыландырылуына, пациенттерді арнайы тізімге алып, диспансерлік есепке алуына ыпал етеді. Ресейлік депутаттар, әсіресе, артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы COVID-19 пандемиясы (яғни, жұқпалы індеттің таралуына жол бермес үшін қолданылған төтенше шектеу шарасы) кезінде тым көбейіп кеткенін алға тартып отыр. Жүрек-қан тамыр аурулары, сусамыр, онкологиялық аурулар, белсіздік пен бедеулікке жиі себеп болатын артық салмақтан халқы ең көп зардап шегетін, яғни, семіз тұрғындарының саны бойынша Тынық мұхитындағы Самоа (80.2%), одан кейінгі орында Тонга (77.1%) тұр. Ал семіз тұрғындарының саны ең аз ел – Корея: таңғы шық елі тұрғындарының жалпы санына шаққанда артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы - 4.7%. Бүгінде Ресейде әлеуметтік мәні бар аурулар санатына қоғам денсаулығы мен адамдардың ғұмыр жасына елеулі ықпал ететін патологиялар енгізілген. Сондай аурулардың ішінде – ВИЧ-инфекция, қатерлі ісік, туберкулез, кей психикалық аурулар, қант диабеті, гепатит, т.б. Мұндай дертке шалдыққан аазаматтарға дәрі-дәрмек тегін беріледі, аурудың дәрежесіне қарай әлеуметтік қызметтер (демалыс-сауықтыру орындарына жолдама беріледі, арнайы азық-түлік бөлінеді, т.б.) көрсетіледі. Наурыз айында аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі ересектер арасында семіздіктің таралу көрсеткіші 24,6%-ға, ал 7-11 жастағы балалардың үлесі 33% -ға жуықтағанын хабарлады. 2018 жылдан 2024 жылға дейін 15 жасқа дейінгі балалар артық салмақтан зардап шегетіндер саны 36,1% -ға өсті. 2024 жылдың қыркүйегінде денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Ресейде 40 млн-ға жуық адамның семіздік індетіне шалдыққанын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат