Көрші ел «цифрлы нотариатқа» көшіп жатыр
Көрші ел «цифрлы нотариатқа» көшіп жатыр
5 жыл бұрын 2579 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин нотариалдық істерді қашықтан жүзеге асырудың мүмкіндіктерін кеңейтетін және тәртібін белгілейтін «цифрлы нотариат» туралы заңға қолын қойды. Мемлекеттік думаның мемлекеттік құрылыс және заңнама жөніндегі комитет жетекшісі Павел Крашенинников атап өткендей, осылайша құжаттарды бір тілден екіншісіне аудару расталады, жеке және заңды тұлғалардың өзгелерге құжаттары берілетін болады, ақшалай қаражат депозитке қабылданады, талассыз тәртіпте қарызды өндіріп алу үшін қол қою жүзеге асырылады, интернеттен ақпаратты қарау түрінде дәлел қамтамасыз етіледі, жылжымайтын мүлік кепілдігі жайында хабарлама реестрден берілетін болады, т.б.  Бұдан бөлек, қабылданған заңға сәйкес нотариус құжаттарды тек қағаз жүзінде ғана емес, сонымен қатар, электронды түрінде де сақтай алады – құжаттар нотариаттың бірыңғай ақпараттық жүйесінде сақталады. Сондай-ақ, аталмыш заң талаптарына орай нотариус жеке басын куәландыратын құжаты болмаған жағдайда немесе тұлғасы күмәнді азаматтың кім екенін бірыңғай биометриялық жүйе бойынша анықтай алады. Соның ішінде, әрбір тараптың мүддесін қорғайтын бірнеше нотариустың қатысуымен қашықтан мәмілені бекітуге мүмкіндік беріледі – тараптар бас қоспай-ақ нотариаттың электронды жүйесі арқылы. Яғни, нотариустар нотариаттың электронды жүйесін пайдалана отырып, мәміле жобасын бірігіп жасай алады.

0 пікір
Мұрағат