|
Көрші ел некелеспеуге және бала көтермеуге шақыратын контенттермен күресті күшейтеді
|
Қытай билігі некелеспеуге, соның ішінде бойдақ өмірді насизаттайтын және балалы болуды масылдық ретінде көрсететін контенттермен күресті күшейтеді. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы аталған елде 7,92 млн бала туу көрсеткіші тіркелген. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылмен салыстырғанда 17%-ға төмен (2024 жылы туу көрсеткіші 9,54 млн). 1949 жылдан бергі ең төменгі деңгей. Қытайдың кибер кеңістікті қадағалайтын басқармасы бұл тарапта арнайы науқан өткізетінін жариялады. Некенің маңызын төмендетуге бағытталған кез келген әрекет репрессиялық шара қолданылатын әрекеттер тізіміне енгізбек. Үйленіп, үйлі болудан сақтандыратын немесе теріс жағынан дәріптейтін контенттер қатаң шаралармен реттеледі. Ұлт сақталып қалуы үшін бала көтеруге қабілетті бір әйел кем дегенде екі баланы өмірге әкелуі керек, туудың орташа коэффициенті – 2,1.