Коррупциямен күресу тәсілі өзгереді
|
Әлемдік қаржы нарығын реттеуде ықпалы жоғары Халықаралық валюта қоры сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі принциптерін қайта қарастырады. Бұл жайында аталған ұйымның сайтында айтылған. "Бұл өзгерістер 1997 жылғы қордың басқару мәселелеріне қатысты методикалық нұсқауларына және ұйымға мүше мемлекеттермен жүйелі түрде, нақты, өзара әс-қимылына байланысты болмақ",- деп айтылған хабарламада. Яғни, ХВҚ бұдан былай басқару саласындағы кемшіліктердің салдары мен сипатын ұдайы бақылап отырады. Әр ел экономикасының түрлі салаларын, соның ішінде, салықтық және бюджеттік реттеу тетіктерін зерделейді. Осы мақсатта ХВҚ мүше елдердің нормативті-құқықтық және институционалдық негіздерін бағалап отыруға өз еркімен келісім беруін талап етпек. Қаражатты заңсыз пайдалану мен жымқыруға қарсы қоятын қандай тетіктері барына көз жеткізу үшін.