Короновирус – қолдан жасалған жасанды вирус – зерттеу
Короновирус – қолдан жасалған жасанды вирус – зерттеу
4 жыл бұрын 5038 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ангус Далглиш есімді британдық профессор мен Биргер Соренсен есімді норвег вирусологы тәжді тажадың қолдан жасалғанын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандардың айтуынша, қытай ғалымдары SARS-Cov-2 вирусын Ухан қаласындағы зертханада жасап шығарған. Артынан олар вирусты табиғи ортадан шыққандай етіп көрсету үшін барлық айғақтың көзін жойған. Ангус Далглиш пен Биргер Соренсен 2002-2019 жылдар аралығындағы Ухан зертханасында қытай ғалымдары жүргізген тәжірибелерді сараптап көрген екен. Нәтижесінде қытай ғалымдары америкалық университетпен бірігіп, SARS-Cov-2 вирусын жасауға қажетті құралдарды әзірлеген-мыс. Ангус Далглиш пен Биргер Соренсеннің айтуынша, ухандық мамандар табиғи вирусты барынша жұқпалы ету үшін, яғни, адам жасушасында мейлінше тез өсіп-өнуі үшін тер төккен. Мұны олар короновирустың адамға қаншалықты күшті әсер ететінін білу мақсатында жасаған. Яғни, осы мақсатта қытай ғалымдары үңгірде мекендейтін жарғанаттан короновирустың негізін алып, оған «тікен», яғни, қармауыш "жалғаған". Осылайша аталған вирусты барынша жұқпалы әрі аса қауіпті еткен. Аталған вирусқа қатысты манипуляция белгілерінің бірі – короновирус «тікенінен» табылған төрт амин қышқыл тізбегі. Норвег вирусологының түсіндіруінше, барлық амин қышқылы оң зарядқа ие. Бұл өз кезегінде адам жасушасының теріс зарядты бөлігіне магнит секілді тас кенеше жабысуына мүмкіндік береді. «Магнит секілді оң зарядты амин қышқылдары бір-бірін тебеді, сол себепті, табиғи вируста, тіпті, үш тізбектісінің өзі сирек кездеседі. Ал бір қатарда төрт амин қышқылының болуы – бола қою ықтималдылығы өте төмен құбылыс»,- деп нақтылады Биргер Соренсен. Осылайша аты аталған қос ғалым Дүниеүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәжді тажалдың шығу тегіне қатысты тұжырымын  жоққа шығарды. ДДСҰ зерттеу нәтижесі бойынша короновирус жарғанаттан тараған, яғни, жарғанаттан жұқтырған (тікелей жарғанаттың өзінен емес, өзге жануарға жұғу арқылы   (бұл аралықта вирус қауіпті сипат алады) жануар арқылы адамға жұққан. Десе де АҚШ бастаған әлемнің 13 елі ДДСҰ-ның бұл тұжырымына күмәнмен қарап, тәуелсіз тексеру жұмыстарын жүргізуді талап еткен болатын.

Professor Angus Dalgleish - Cancer Centre London

Ангус ДалглишЛондондағы  әулие Георгия университетінің онкология профессоры, ол ВИЧ-ке қарсы алғашқы әсер етуші екпені жасаумен аты шыққан ғалым, оның бұл екпесін қабылдаған науқас бірнеше ай бойы дәрі қабылдау машақатынан құтылады.

 Биргер СоренсенImmunor фармацевтикалық компанияға жетекшілік ететін вирусолог. Ол Biovacc-19 деп аталатын осы короновирусқа қарсы кандидат екпені жасаған болатын.

0 пікір
Мұрағат