|
Корольмен тікелей байланыстыратын сайт ашылды
|
Сауд Арабиясында король Абдулламен тікелей байланысуға мүмкіндік беретін Tawasol («Байланыс») атты сайт ашылды. Аталмыш сайттың әкімшілігі мәлімдегендей, Сауд Арабиясының тұрғындары осы портал арқылы монархтан қандай да бір мәселе бойынша көмек сұрай алады және үкіметтің жұмысына көңілі толмаса, шағымдана алады.