|
Кореядағы криптомиллионерлер саны 10 мыңнан асты
|
Оңтүстік Кореяда 10 мыңнан аса адам криптовалютаға шаққанда 1 млрд воннан (корейлердің төл ақшасы, яғни, ұлттық валютасы) аса қаражатқа ие. Яғни, әрбіреуінде 725 мың доллар бар. Орташа актив мөлшері – шамамен 2,2 млрд вон. Яғни, криптовалюта бойынша корей ауқаттыларының орташа қаражаты 2,2 млрд вонға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Халық күші» партиясы атынан сайланған Пак Сон Хун есімді депутатқа қаржылық қадағалау қызмет тарапынан ұсынылған дерекке сәйкес таңғы шық еліндегі 10 810 инвестор 1 миллиард воннан астам сомаға cryptocurrency иеленген. Олардың активтері елдің бес ірі биржасында - Upbit, Bithumb, Coinone, Korbit және Gopax - орта есеппен бір адамға шаққанда 2,2289 млрд вон құрады. Cryptocurrency құнының өсуі, оның ішінде бір монетаға 160 миллион вон (115 860 АҚШ доллары) жақындап қалған биткоин құнының өсуі қорлардың ұлғаюына ықпал етті. Бір қызығы, криптовалюта ьбертін пайда болса да инвесторлардың арасында 50 жастағы адамдардың қарасы көп - 3 994, одан кейінгі орынға 40 жастағылар шыққан - 3 086, 60 және одан жоғары жастағылардың саны - 2 426, ал 30 жастағылар - 1 167.