Кореяда еті үшін ит асырайтын фермалардың 70%-ы жабылды
Кореяда еті үшін ит асырайтын фермалардың 70%-ы жабылды
4 ай бұрын 925 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореяда итті еті үшін асырауға, союға және сатуға тыйым салатын заң қолданысқа енген сәтінен баста пит шаруашылығының көбісі жабылды. Бұл жайында islam.kz порталы Yonhap ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңғы шық елінің ауыл шаруашылық министрлігі келтірген дерекке қарағанда, өткен жылдың тамыз айынан бастап ит асырайтын 1537 ферманың 1072-сі жабылған. Бұл жабылған фермаларда жалпы саны 346 мың ит болған – бұл көрсеткіш елдегі еті үшін өсірілген иттердің жалпы санына шаққанда 74%-ды құрады. Сарапшылардың ойынша, осы жылдың аяғына дейін ит асырайтын фермалардың 75%-дан астамы жабылады. Осылайша корейлердің халықаралық беделі мен абыройына нұқсан келтіретін осынау жат әдеттен арылуды мемлекет бастамасымен қолға алынды. Ит асырайтын фермаларын жапқандарға мемлекет тарапынан демеу қаржы қарастырылып отыр – өзге кәсіпке ауысуына көмектесу үшін. Ит асырайтындарға 2027 жылға дейін мұрсат берілген. 2027 жылдан бастап, ит асырауда тоқтатпағандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады әрі 30 млн вон (шамамен 21 мың доллар) мөлшерінде айыппұл салынады. Осы орайда 2024 жылы Оңт. Кореяның ұлттық жиналысы бұл тараптағы заң жобасын мақұлдағанын айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, сауалнама жүргізілген еді: ел тұрғындарының 90%-ы ит етін тұтынуға қарсы екенін білдірген болатын.

0 пікір
Мұрағат