Корейлер азайып келеді
Корейлер азайып келеді
3 жыл бұрын 1924 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен 2021 ылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік корея халқының саны 51,84 млн адамды құраған. Бұл көрсеткіш 2070 жылға дейін 37,66 млн-ға дейін құлдырайды, яғни, таңғы шық елі халқының саны жарты ғасырға жетер-жетпес уақыт аралығында осынша адамға жетпек. Бұл көрсеткіш 1979 жылғы халық санына тең. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Оңт. Кореяның статистикалық қызметі келтірген дерекке жөн сілтеген Yonhap News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал кей болжам бойынша 2070 жылға қарай Оңт.кореялықтар қарасы 31, 53 млн адамды құрамақ. Бұл көрсеткіш 1969 жылғы демографиялық деңгейге сәйкес келеді. 2020 жылы алғаш рет аталған елде халықтың табиғи жолмен азаюы байқалды – өлім-жітім көрсеткіші туу көрсеткішінен асып түсті. Мұндай демографиялық тенденцияға ең алдымен бүгінгі корейлердің дәстүрлі құндылықтарға көзқарасының өзгеруі әсер етіп отыр, дәлірегі, отбасы институтының маңызы кеміп барады, жастар отбасын құруға асықпайды немесе бала санын шектейді. Экономикалық ауыртпалықты алға тартып отыр. Пандемия басталғалы бері тұрмыс құрушылар саны мұлдем азайып кетті. 2021 жылы туу көрсеткішінің жиынтық коэффиценті – бір әйелдің өміріндегі бала табудың орташа көрсеткіші – өткен жылы ең төменгі деңгейге түсті – о,84. Ал халықтың қазіргі санын (52 млн адам деңгейінде) сақтау үшін туу коэффиценті бір әйелге шаққанда 2,1 болуы тиіс. Бір коэффицентке жетпейтін туу көрсеткіші осымен үшінші жыл сақталып отыр. 2020 жылы елдегі еңбекке жарамды азаматтар қарасы 37,4 млн адамнан аспаған болатын, яғни, жалпы халық санына шаққанда 72,1%-ды құраған. Егер бұл кері тенденция сақталатын болса, 2070 жылы елдегі еңбекке жарамды азаматтар саны 17,37 млн адам ғана болмақ, яғни, жалпы халық санына шаққанда - 46,1%. Бұған қоса, корейлер әлемдегі қартаю процесі қарқынды жүріп жатқан ел ретінде белгілі – өткен жылы елдегі қарттар саны  - 15,7% болды, бұл көрсеткіш 2070 жылы жалпы халық санына шаққанда 46,4%-ды құрамақ.

0 пікір
Мұрағат